"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 194 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Eреже бекітілсін.

      2. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етілсін:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2023 жылғы 18 қыркүйек № 95 қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Жұрқабаев

  Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 194 қаулысымен
  бекітілген

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

      Ұзынкөл ауылы, 2024 жыл

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) Ұзынкөл ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары мен айырым белгілері (олар болған кезде), қазақ және орыс тілдерінде бейнеленген мөрлері, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мекеме азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Мекеме өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер, ресімделген бұйрықтар және мекеме мен мекеме басшысы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер қабылдайды.

      7. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылдық округі, Ұзынкөл ауылы, Абылай хан атындағы көшесі, 53 үй, пошта индексі 111800.

      9. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілермен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

Тарау 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) Ұзынкөл ауданы халқының әл – ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      2) мекеменің қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

      3) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек ұйымдастыруды қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдарды есепке алу, кешенді оңалту және материалдық қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасылардың және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылардың әл – ауқатын арттыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз ету;

      4) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік көмекпен қамту, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, психоневрологиялық аурулары бар бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.

      13. Өкілеттіктер:

      1) құқық:

      - мемлекеттік мекеменің мүдделерін ұсыну;

      - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      - қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай – ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.

      14. Функциялар:

      1) ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру;

      2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықтың хабарландырыуын арттыру;

      3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай – ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      4) Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау;

      5) мүгедектігі бар адамдарды санаторлық- курорттық сауықтыруды және кешенді оңалтуды ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдарды, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарды, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік қолдау көрсету;

      6) мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасын орындау;

      7) мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік қорғау және материалдық қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      8) кедейлік деңгейінің мониторингі;

      9) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын, он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау;

      10) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беруді жүзеге асыру.

Тарау 3. Мәртебесі, мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттіктері

      15. Мекемеге басшылықты мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) бөлімнің қызметін ұйымдастыруды және жалпы басшылықты жүзеге асырды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

      5) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарды және нұсқаулар береді;

      6) Мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

      7) белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде Мекеме мен ведомстволық бағынысты мекемелері жұмыскерлерінің штат кестесін бекітеді;

      8) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      9) бюджет қаражатының мақсатты және уақтылы жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      11) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

      12) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      13) мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      14) мемлекеттік қызмет, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      15) бөлім жоспарларының жобаларын әзірлейді және бекітеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

Тарау 4. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеменің қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, кемітіп бекітілген мүлікті және мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Тарау 5. Мемелекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тарау 6. Мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      22. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады