"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне атаулар беру туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 211 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
5-1) осы бұйрыққа 5-1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мемлекеттік мекеме) бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі".";
көрсетілген бұйрыққа 5-1-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мемлекеттік мекеме) бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі".";
көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мемлекеттік мекеме) бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі".";
көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мемлекеттік мекеме) бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі".".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор |
Ш. Әрінов |