"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 496/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 478/6 қаулысының күші жойылсын.

      3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы" № 982/11 қаулысының күші жойылсын.

      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2024 жылғы "11" маусымдағы
№ 496/6 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) Екібастұз қаласы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 ғимарат.

      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Екібастұз қаласының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым - қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) әлеуметтік қорғау саласында қызметін іске асырушы ведомствоға бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелер жұмысын үйлестіру.

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және алу;

      1-2) мемлекеттік мекеменің функциясымен байланысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу;

      1-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      2-1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      2-2) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;

      2-3) заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;

      2-4) өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жауапты болу;

      2-5) мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау;

      2-6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;

      2) әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

      3) өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      4) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, ұлттық жобалар, даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

      6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық - атқарушылық жүйе мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге көмек көрсету саласында өзге өкілеттіктерді орындау;

      8) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдарды ерікті қоныс аудару үшін елді мекендерді анықтау бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу;

      9) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия жұмысын ұйымдастыру;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бірлескен жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымдарының, атқарушы билік органдары өкілдерінен құрылған кеңес беру комиссиясының және жұмыс тобының жұмысына қатысу;

      11) уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз (іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі) азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының функцияларын іске асыру;

      12) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға демеушілік және қайырымдылық көмекті үйлестіру;

      13) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекеменің теңгеріміндегі тұрғын үйді басқару;

      14) статистикалық, салықтық және бюджеттік есептілікті жасау, ведомствоға бағынысты мекемелердің бухгалтерлік балансын шоғырландыру оларды бағыныстылығы бойынша ұсыну, заңнамада белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу;

      15) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      21. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауап береді;

      4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

      5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;

      7) мемлекеттік мекеменің секторлары, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      8) сенімхатсыз мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сонымен қатар сотта мемлекеттік мекеменің атынан шығады.

      9) мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, әлеуметтік қорғау саласында азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады және оларға қатысты шешімдер қабылдайды;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді іске асырады;

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың тізбесі

      1) Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің "Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады