"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының "2023-2024 жылдарға арналған Екібастұз қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2023 жылғы 20 маусымдағы № 29/4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183111 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы | Н. Макраев |