Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауылында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға 80 (сексен) теңге мөлшерінде барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Арынов |