Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Прииртышск ауылының аумағында жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Прииртышск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Прииртышск ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Р. Арынгазинов

  Железин ауданы
Прииртышск ауылдық округі
әкімінің 2024 жылғы
"13" қыркүйектегі
№ 8 шешіміне қосымша


р/қ

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жылдар)

Жер учаскесінің орналасқан жері

1

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

0,0163

Телефон арнасының трассасын орналастыру және қызмет көрсету үшін

10

Железин ауданы, Прииртышск ауылдық округі, Прииртышск ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады