Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында жер пайдаланушылардан және жер иеленушілерден жер учаскелерін алып қоймай шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кемеңгер ауылдық округінің әкімі | А. Вакпаев |
Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы "05" қыркүйектегі № 1-03-1 шешіміне қосымша |
№ р/н | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер учаскесінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамы | 0,0063 | Телефон (кабель) кәріз құбырын төсеу және пайдалану үшін | 49 жыл | Кемеңгер ауылы, Кемеңгер ауылдық округі, Павлодар ауданы |