Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданы әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын;
2. Шарбақты ауданы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын;
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты ауданының әкімі | С. Иманкулов |