Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының ережелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 2/241 қаулысы

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының ережелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты", "Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты", "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты", "Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты", "Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты", "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты", "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты", "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелеріндегі:

      15 тармақ келесі мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелерді анықтау;".

      2. Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Алматы қаласының әділет органдарына олардың Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгеріс туралы хабарлауды;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады