"Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" Алматы қаласының әкімдігінің қаулысы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 3/412 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жолаушының бір сапары үшін ұялы байланыс операторының немесе көлік картасының немесе мобильді қосымшаның қызметтері арқылы 120 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады