Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы № 777 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 596 қаулысына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысының "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің штат санын бекіту туралы" 2022 жылғы 9 наурыздағы № 160 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерінің басшылары орынбасарларының біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 24 сәуірдегі туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Әлназарова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы 9 қарашадағы
№ 777 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшесінің басшысы, С-О-1 санаты (20 бірлік), №№ 12-1, 13-1, 14-1, 15-1, 16-1, 17-1, 18-1, 19-1, 20-1, 21-1, 22-1, 23-1, 24-1, 25-1, 26-1, 27-1, 28-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина және/немесе стоматология және/немесе педиатрия және/немесе фармация және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау).

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалдық міндеттері

Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне жалпы басшылық ету, жұмысын үйлестіру, жоспарлау, іске асыру және өзара тиімді іс-қимыл жасау. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, атқарушылық және еңбек тәртібін, құжаттаманы басқару бойынша жұмыстың сапасын сақтау. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы 9 қарашадағы
№ 777 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерінің басшылары орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 12-2, 13-2, 14-2, 15-2, 16-2, 17-2, 18-2, 19-2, 20-2, 21-2, 22-2, 23-2, 24-2, 25-2, 30-2, 31-2, 32-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина және/немесе стоматология және/немесе педиатрия және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау, фармация), өндірістік және өңдеу салалары (фармацевтикалық өндіріс технологиясы),

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасай білу, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана, Алматы, Шымкент қаласы бойынша аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (3 бірлік), №№ 26-2, 27-2, 28-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина және/немесе стоматология және/немесе педиатрия және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау).

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес"

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана, Алматы, Шымкент қаласы бойынша аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (3 бірлік), №№ 26-8, 27-8, 28-8

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (фармация).

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес"

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларына мониторингті жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады