2024 - 2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 276 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 - 2025 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 - 2025 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 3 қыркүйектегі
  № 276 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 – 2025 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы және нөмірі

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны (орын, грант саны)

Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

1.

6В11 Қызмет көрсету

6В111 Қызмет көрсету саласы

B092 Тынығу

5

803 900

2

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

В057 Ақпараттық технологиялар

3

1009 600

Барлығы

8


  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2024 жылғы
  3 қыркүйектегі № 276
  қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 - 2025 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

     

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Медициналық мамандықтардың резидентура бағдарламаларының тізбесі

Жоғары білім базасында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқу нысаны (орындар, гранттар саны)

Оқу жылына бір студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)



4 айға

8 айға

1

7R01
Денсаулық сақтау
(медицина)

7R011
Денсаулық сақтау
 

Нефрология(ересектер, балалар)

1

603 766,7

1207 533,3

Акушерлік іс және гинекология
(ересектер, балалар)

11

603 766,7

1207 533,3

Кардиология
(ересектер, балалар)

10

603 766,7

1207 533,3

Жалпы хирургия

3

603 766,7

1207 533,3

Онкология (ересек)

4

603 766,7

1207 533,3

Офтальмология (ересектер, балалар)

5

603 766,7

1207 533,3

Неврология
(ересектер, балалар)

1

603 766,7

1207 533,3

Эндокринология (ересектер, балалар)

2

603 766,7

1207 533,3

Отоларингология (ересектер, балалар)

7

603 766,7

1207 533,3

Психиатрия (ересектер, балалар)

4

603 766,7

1207 533,3

Пульмонология (ересектер, балалар)

1

603 766,7

1207 533,3




радиология

1

603 766,7

1207 533,3

Барлығы

50



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады