Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақстан Бидайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы мекен-жайы бойынша орналасқан, шикізатты сақтауға, тазалауға және кептіруге арналған жабдықты (сыйымдылығы 9000 тонна элеватор) орнату арқылы жарма және үлпек өндіру зауытының құрылыс алаңына су құбыры желілерін тарту үшін жалпы алаңы 1,0387 гектар жер теліміне 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | А. Букпин |