Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Буденное-СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 0,0806 гектар, жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Ефимовка ауылы, резервуарлардан (су жинақтағыш) сүт-тауар фермеріне сумен жабдықтаужелілірің төсеу және оларға қызмет көрсету үшін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Дүйселеков |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
аудан әкімдігінің | |
Нежинка ауылдық округі | |
2024 жылғы " 29 " сәуір | |
№ "18" әкімнің | |
шешіміне қосымша |
Жердің экспликациясы
№ | Кадастрлық нөмір | Жер пайдаланушылардың атауы | Берілетін алаң , га | оның ішінде жерлер бойынша | ||||
Егістік | Жақсартылған жайылымдар | Жайылымдар табиғи | Жолдар | Басқалар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан | ||||||||
Нежинка ауылдық округі | ||||||||
1 | 15-165-055 | Ефимовка селосы | 0,0806 | 0,0806 | ||||
Нежинка ауылдық округі бойынша жер жиыны: | 0,0806 | 0,0806 |