Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 мамырдағы № 124 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабы 4 және 5–тармақтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 10 (он) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      2) Осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оны Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының әкімі
М. Мұхамедияров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Есіл ауданының мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады