Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 133 қаулысы

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы 2 тармағына, 20-бабының 4), 6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 6-абзацына, "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелді), Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық маршруттар үшін бірыңғай ауылдық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгіленсін:

      1) ересек тұрғындар үшін 120 (бір жүз жиырма теңге) теңге мөлшерінде;

      2) 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балаларға - ересек жол жүру құнының 50% - 60 (алпыс) теңге.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оны Есіл ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының
әкімі
М. Мұхамедияров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Есіл аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады