Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 9.12.01-02/08 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 9.12.01-02/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 20.09.2024 № 9.12.01-02/13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 01-11/66 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1.. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округінің Глубокое ауылындағы "Астық сату Компаниясы" ЖШС фермасында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округ әкімі
Ж. Мұхамадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады