Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19 бабына, 69 бабының 4-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35 бабына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы өтінішінің негізінде Светлопольск ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін мен телефон арнасын төсеу және пайдалану үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі Знаменское ауылында орналасқан жалпы алаңы 0,1811 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің әкімі |
М. Жакаева |