Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджеті шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 180 қаулысы

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген, бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бюджетінің басым шығыстары айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мамлют ауданының әкімі Е. Степаненко

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 24 маусымдағы
  № 180 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджеті шығыстарының басым бағыттары

      1. Қаражаттың факт жүзінде түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылатын шығыстар.

      2. Бюджеттік субвенциялар.

      3. Қаражаттың факт жүзінде түсуі бойынша республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын шығыстар.

      4. Қаражаттың факт жүзінде түсуі бойынша облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын шығыстар.

      5. Борыштық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер.

      6. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар.

      7. Бюджетке төленетін салық төлемдері.

      8. Жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер.

      9. Тамақтандыруды ұйымдастыру және азық-түлік сатып алу бойынша қызметтер.

      10. Дәрі-дәрмек сатып алу.

      11. Банктік қызметтерге ақы төлеу.

      12. Субсидиялар.

      13. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.

      14. Іссапар және қызметтік жол жүрулер.

      15. Отын сатып алуға арналған шығыстар (ғимараттарды жылыту бөлігінде).

      16. Коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, ғимараттарды жалға алуға ақы төлеу.

      17. Аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді аудару.

      18. Жанар-жағармай материалдарын сатып алу.

      19. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шығыстары.

      20. Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары.

      Қалған төлемдер шоттардың төлемге түсу кезектілігі тәртібімен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады