Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 14 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес және "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 121 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін жүргізу (төсеу) және пайдалану (қызмет көрсету) үшін, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0056 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут 49 жыл мерзімге белгіленсін.

      2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Дубровное ауылдық округінің әкімі П. Титов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады