Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес және "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 120 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін жүргізу (төсеу) және пайдалану (қызмет көрсету) үшін, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознаменное ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0694 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут 49 жыл мерзімге белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Краснознамен ауылдық округінің әкімі | А. Копендаков |