Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Дмитриев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Дмитриев ауылдық округі, Жарқын ауылының аумағында орналасқан су тарату желілеріне қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге, жалпы ауданы 8,235 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кешіктірмей күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Т. Есләмов |