Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 145 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, "Қоммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шал ақын ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің м.а. С.Шәйінов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 10 маусымдағы
  № 145 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) және жинақталу нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Коммуналдық қалдықтар деп келесі тұтыну қалдықтары түсініледі:

      1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;

      2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар.

      Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.

      Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.

      3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.

2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

      4. Коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

      5. Коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

      6. Коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

      7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

      1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;

      2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.

      8. Халықтан түзілетін коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді:

      тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады;

      халқының саны 300-ден 500 мың адамға дейінгі елді мекендерде – 1 %;

      тұрғындарының саны 500 мың адамнан асатын елді мекендерде – 0,5% (оның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

      9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

      10. Қалыптасқан және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

      11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.

      12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.

      13. Бір учаскеде қалыптасқан және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.

      14. Қалыптасқан және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді жергілікті атқарушы орган Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.

      15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және жергілікті атқарушы орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.

      16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса, көлем) енгізеді.

      17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.

      18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес қалыптасу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

      Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:

      1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;

      2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.

      19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.

      20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы және жинақталу нормаларын есептеу

      21. Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

      1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

      V конт=h*S

      мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;

      S – контейнер түбінің алаңы, м2;

      2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың қалыптасу мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

      Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3...

      мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

      3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mконт=m3- mп

      мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;

      mп– қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

      4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mтәу=mконт1+mконт2+mконт3...

      мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

      5) өлшеулер қалдықтарды контейнерлік алаңнан шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жүргізіледі. Өлшеу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).

      Өлшеу мерзімі: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша.

      Байқаудың маусымдық кезеңі ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың көлемін (Vсез, м3) анықтау мына формула бойынша жүргізіледі:

      Vсез = Vтәу1 + Vтәу2 +…. + Vтәу7

      мұндағы vтәу1, Vтәу2-белгілі бір маусымда әр тәулік үшін объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемі;

      6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың массасын анықтау (мсез, кг) формула бойынша жүргізіледі: mсез= mтәу1 + mтәу2 +…. + mтәу7

      мұндағы мтәу1, мтәу2 - белгілі бір маусымда бір тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

      7) объектіде коммуналдық қалдықтардың пайда болу көздерінің санына коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа маусымдық нормасын айқындау (есептік бірлік) формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтм, м3):

      Vтм = Vмаус/(nxa)

      массасы бойынша (mтм, кг):

      mтм = mмаус/(nxa)

      мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;

      а – есептік бірліктің саны.

      8) объектідегі есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын айқындау формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vсс, м3):

      Vссг = (Vзсс + Vвсс + Vлсс + Vосс)/n

      салмағы бойынша (mсс, кг):

      mссг = (mзсс + mвсс + mлсс + mосс)/n,

      мұндағы "з", "в", "л", "о" жоғарғы индекстері – сәйкесінше қыста – "з", көктемде –"в", жазда –"л", күзде –"о" есептік бірлігіне қалдықтардың пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативін белгілейді;

      n - қалдықтардың пайда болу маусымдарының саны (N = 4);

      9) объектіде есептеу бірлігіне коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және жинақталуының жылдық нормасын айқындау формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vг, м3):

      Vг = Vссг x nд,

      массасы бойынша (mг, кг):

      mг = mссг x nд,

      мұндағы nд -жылдағы күндер саны;

      22. Қосымша, коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік маусымдық біркелкіэффстігінің коэффициентін анықтау үшін мынадай есептеу жүргізіледі:

      1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (ср, кг/м3) формула бойынша жүргізіледі:

      ср = m/V,

      мұндағы m және V-есептік бірлікке шаққандағы массасы мен көлемі бойынша қалдықтардың қалыптасуы мен жинақталуының жылдық немесе орта маусымдық нормативтері;

      2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біркелкіэффстігінің коэффициентін анықтау (кн) формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша

      kн = Vсс/Vг

      массасы бойынша

      kн = mсс/mг

      2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біркелкіэффстігінің коэффициентін анықтау мына формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша

      kсн = Vmax.тәу/Vсс,

      Vmax қайда.тәулік-маусымдағы объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және жинақталуының ең жоғары тәуліктік көлемі, м3.

      массасы бойынша

      kсн = mmax.тәу/mсс,

      қайда mmax тәулік -бір маусымда объектіде коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғары тәуліктік массасы, кг.

      23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыруды жүргізу үшін коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы мен жинақталуының белгіленген жылдық нормалары объектінің бір есептік бірлігіне есептік бірліктер санына көбейтіледі. Коммуналдық қалдықтардың пайда болуының алынған жылдық есептік көлемі олардың нақты жинақталуынан бір жылда бір объектіден бес пайыздан артық ерекшеленбеуге тиіс. Есептік және нақты деректер бес пайыздан аса алшақтаған кезде коммуналдық қалдықтардың пайда болуының сараланған нормативтері олардың пайда болуының негізгі объектілері бойынша қажетті қателікпен нәтижеге дейін түзетіледі.

  Коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы және жинақталу нормаларын есептеудің
  қағидаларына
  1-қосымша

Тұрғын үй қоры объектілерінің түрлері және тұрғын емес үй-жайлар

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есеп бірлігі

1.

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

17

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

18

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1 м2

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

  Коммуналдық қалдықтардың
  түзілу және жинақталу
  нормаларын есептеудің
  қағидаларына
  2-қосымша

      Нысан

Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

      Елді мекен, аудан, облыс _____________________________________________

      1. Мекенжайы _____________________________________________________

      2. Қабаттылығы ___________________________________________________

      3. Үйдің нөмірі ____________________________________________________

      4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ______________________________

      5. Жайлылық деңгейі: ______________________________________________

      а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы____________________________

      б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) _________________

      в) отынның түрі-көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ ________________________________________________________________

      г) қоқыс құбырының болуы_____________________________________

      д) аула аумағының алаңы, м2_____________________________________

      жасыл екпелер бар_____________________________________________

      жабыны қатты_________________________________________________

      оның ішінде жаяусоқпақтар______________________________________

      6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы ___________

      7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_________________________________

      8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) _______________________________________________

      9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі__________________________

      10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі__________________________

      11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

      Нысан

      Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты

      Елді мекен, аудан, облыс _________________________________________

      1. Объектінің атауы ____________________________________________

      2. Мекенжайы ________________________________________________

      3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ______________________________________________________________

      4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) ____________

      5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _________________________________________

      ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _________________________

      қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________

      6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _______________________

      7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ___________________________________

      сауда алаңы ___________________________________________________

      қоймалық және қосалқы алаң _____________________________________

      8. Аула аумағының алаңы, м2 _____________________________________

      жасыл екпелер бар ______________________________________________

      жабын қатты __________________________________________________

      9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы____________

      10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі________________________________

      11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) _______________________________________________

      12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі___________________________

      13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________

      14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

  Коммуналдық қалдықтардың
  түзілу және жинақталу
  нормаларын есептеудің
  қағидаларына
  3-қосымша

      Бастапқы жазба бланкісі

      _________________ (күн)

      __________________________________________________обьектісі бойынша (атауы, мекен-жайы)

Контейнердің р/с №

Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м

Контейнер негізінің алаңы, S, м2

Контейнердегі қалдықтардың көлемі, V, h*S, м3

Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), m3, кг

Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг

Контейнердегі қалдықтардың массасы, mконт, m3 - mп

1







2







....







Тәулік ішіндегі барлығы



Vтәу



Mтәу

  Коммуналдық қалдықтардың
  түзілу және жинақталу
  нормаларын есептеудің
  қағидаларына
  4-қосымша

      Нысан

Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі

      20____ жылғы __________________бастап ________________ дейін

      Көгалдандыру түрі ________________________________________

Аптаның күндері

Объектінің атауы

Объектінің қызмет түрі

Есеп айырысу бірлікте рінің саны

Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы

Орташа тығыздығы кг / м3

Барлығы қайта өңделетін шикізат таңдалды (бөлек жинау кезінде)

жалпы

1 есептік бірлікке

кг

м3

кг

м3

кг

м3

Дүйсенбі










Сейсенбі










Сәрсенбі










Бейсенбі










Жұма










Сенбі










Жексенбі










      Қолы_______________________

      Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы

  Коммуналдық қалдықтардың
  түзілу және жинақталу
  нормаларын есептеудің
  қағидаларына
  5-қосымша

      Нысан

Коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосы

      Көгалдандыру түрі ___________________________________________

Объект

Ай

Өлшенетін бірліктер саны

Қалдықтардың жиналуы

Біркелкі
емес
Коэффициент

Бөлек жинау, кг

жалпы

1
өлшенетін бірлікке

жалпы

1 өлшенетін бірлікке

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


































































      Барлығы ___________

      Тәулігіне орташа _______________

      Қолдары _____________

      Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады