"Pangea Engineering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық зерттеу операцияларын жүргізу үшін жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 163 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69, 71-1, 140, 142 баптарын басшылыққа ала отырып, "Pangea Engineering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № ЗТ-М-184 өтінішхаты және Жылыой аудандық жер комиссиясының 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 8 хаттамасы негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Pangea Engineering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жылыой ауданы, "Оңтүстік Таған" учаскесінде геологиялық зерттеу операцияларын жүргізу үшін меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан алып қоймастан ауданы 213,0 га жер учаскесіне 2026 жылдың 23 тамызына дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. Жер учаскесі ауыртпашылықсыз.

      3. "Pangea Engineering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

      1) Босалқы жерлерде - Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен жер учаскесіне жария сервитут шартын жасасу;

      2) Меншік иелері және жер пайдаланушылардың жерлерінде – меншік иелері және жер пайдаланушылармен жекеше сервитут шартын жасасу ұсынылсын.

      4. Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі жер–кадастрлық құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.

      Аудан әкімі Ж. Қаражанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады