2024 жылға арналған Индер ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 82-VIII шешімі

      Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылға арналған Индер ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің мамандарына да қолданылады.

      3. Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, беріледі.

      4. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады