"K-Telco" жауапкершілігі шектеулі cеріктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 75 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "K-Telco" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мақат ауданындағы өндірістік және әлеуметтік объектілерді интернетпен қамтамасыз етуге арналған талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын салу және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, ұзындығы 3,50 км, ауданы 0,3 га жер телімдеріне шектеулі нысаналы пайдалану құқығына 15 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Ибрагимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады