"Магистральдық Суағызғысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 327 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69, 118, 140 бабтарына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Магистральдық Суағызғысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Астрахань-Маңғышлақ" магистралдық суағызғысының екінші желісінің 56-110 шақырым аралығынан көлемі 225,5788 га жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      Негіз: "Магистральдық Суағызғысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 7 ақпандағы №03-01-6/233 хаты, Құрманғазы ауданы бойынша Жер комиссиясының 2024 жылғы 19 ақпандағы №4 хаттамасы, "Терра Инжиниринг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дайындаған жерге орналастыру жобасы, Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2024 жылғы 22 қазандағы №KZ00XXX00000000 бұйрығы.

      2. Осы қаулының жүзеге асыруын бақылау Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне, орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады