Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстандық стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшыларына және олардың орынбасарларына қатысты ішкі тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 442-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 7-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстандық стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшыларына және олардың орынбасарларына қатысты қоса беріліп отырған ішкі тергеп-тексеру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің төрағасы
Ж. Есенбекова

  Қазақстан Республикасы Сауда
және интеграция министрлігі
Техникалық реттеу және
метрология Комитеті
Төрағасының
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 442-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстандық стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшыларына және олардың орынбасарларына қатысты ішкі тергеп-тексеру қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстандық стандарттау және метрология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшыларына және олардың орынбасарларына қатысты ішкі тергеп-тексеру қағидалары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 53-баптың 7-2-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Кодекс).

      2. Ішкі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен тағайындалады.

      3. Ішкі тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер:

      1) жеке және заңды тұлғалардың қызметкердің әрекеті немесе әрекетсіздігі, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін заңсыз пайдалану фактілері туралы өтініштері;

      2) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық Палатасының сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері;

      3) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде, оның ведомстволарында, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша тиімділік және сәйкестік аудитінің нәтижелері;

      4) тексерулер нәтижелері;

      5) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықты және заңның басқа да бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою және осы мән-жайларды және заңның басқа да бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс жасау;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

      7) Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың материалдары;

      8) құқық бұзушылық және тәртіптік теріс қылық фактілері.

      4.Мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған мүліктік құқықтар мен мүдделердің бұзылуы туралы, сондай-ақ мәселенің мәні баяндалған өтініштер бойынша расталған мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тергеп-тексеру жасырын өтініштер бойынша жүргізілмейді.

      5. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстандық стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшыларына және олардың орынбасарларына қатысты ішкі тергеп-тексеру (бұдан әрі – ұйымдар басшылары және олардың орынбасарлары) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) ұйымдастырады және өткізеді.

      Қажет болған жағдайда қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

      Ішкі тергеп-тексерудің ұйымдастырушылық мәселелерін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.

      Хатшы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің персоналды басқару Департаменті қызметкері қатарынан тағайындалады.

      Ішкі тергеп-тексеру қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы акт шығарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      6. Ішкі тергеп-тексерулер:

      1) ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының еңбекке уақытша жарамсыз болған;

      2) ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының демалыста немесе іссапарда болған;

      3) ұйымдар басшылары және олардың орынбасарлары қоғамдық міндеттерін орындаған уақытта оны өз лауазымдық міндеттерін орындаудан босатқан;

      4) ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған;

      5) ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының кінәлі әрекеттер немесе әрекетсіздіктер жасағаны туралы Комитет актілеріне сот тәртібімен шағым жасаған кезеңде, сондай-ақ ішкі тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген төтенше жағдай ретінде түсінілетін еңсерілмейтін күш әсер еткен;

      7) қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпарат беру туралы сұрау салу мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де субъектілерге жіберілген кезеңде тоқтатыла тұрады.

      Ішкі тергеп-тексеру Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын адамның шешімімен тоқтатыла тұрады және қайта жалғастырылады.

      7. Ішкі тергеп-тексеру барысында Комитет өзіне қатысты ішкі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан ұйымдар басшыларынан және олардың орынбасарларынан жазбаша түсініктемені талап етеді, олардың кінәлі іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер жасау мән-жайларына қатысты барлық материалдар мен мәліметтер жан-жақты әрі толық жинайды.

      Ұйымдар басшылары және олардың орынбасарлары талап етілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

      Ұйымдар басшылары және олардың орынбасарлары жазбаша түсініктеме беруден немесе Комитет қызметкерлерінің ішкі тергеп-тексеру материалдарымен танысқанын өз қолын қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тиісті акт жасалады, ол ішкі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеледі.

      Комитет өздеріне қатысты ішкі тергеп-тексеру жүргізілген ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын ішкі тергеп-тексеру материалдарымен таныстыруға тиіс.

      8. Ішкі тергеп-тексеру материалдары жазбаша нысанда, сондай-ақ олар болған жағдайда фото, аудио, бейне материалдар нысанында тіркелген мәліметтерді қамтиды.

      9. Ішкі тергеп-тексеру кезінде ұйым басшыларының және олардың орынбасарларының кінәлі әрекеттер немесе әрекетсіздіктер жасағанын растайтын фактіні объективті және жан-жақты анықтау шаралары қолданылады.

      10. Жинақталған материалдар тиісті уәжді қорытындымен бірге Комиссияның қарауына ұсынылады, онда:

      1) қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер жасағанын, сондай-ақ өзінің қызметтік жағдайын заңсыз пайдаланғанын растайтын/растамайтын негіздемелер;

      2) қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі.

      11. Комиссия Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын адамның актісімен қалыптастырылады және Комитет қызметкерлерінің ішінен төрағадан, комиссия мүшелерінен, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің өзге де қызметкерлерінен, сонымен қатар өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және салалық қауымдастықтардан тұрады.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, төрағаны қоса алғанда 10 адам болуы тиіс.

      12. Комиссия өз отырысында ішкі тергеп-тексеру материалдарын қарайды және ұйымдар басшыларының кінәлі іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін жасауға қатысты фактілерді зерттейді, өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген ұйымдар басшыларының және тергеп-тексеру жүргізген Комитеттің уәкілетті лауазымды адамдар өкілдерінің түсініктемелерін тыңдайды. Комиссияның куәларды тыңдауға және теріс қылыққа қатысы бар кез келген фактілерді зерттеуге де құқығы бар.

      13. Әрбір отырысты өткізу барысында аудио және бейне тіркеу жүргізіледі.

      14. Қажет болған жағдайда Комиссияның отырыстарын бейнеконференция байланыс арқылы өткізуге болады.

      Ішкі тергеп-тексеру материалдарын комиссия қорытынды Комиссияның қарауына ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      15. Отырыс өткізілетін күнді Комиссияның төрағасы айқындайды, ол туралы Комиссия мүшелерін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің персоналды басқару Департаменті қызметкері хабардар етеді.

      16. Комиссия отырысы оған Комиссия мүшелерінің кемінде төрттен үші қатысса, құқықты болып саналады.

      17. Комиссия отырысының қорытындысы Комиссияның шешімдері тіркелетін хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама отырыс өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рәсімделеді және оған Комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды, одан кейін Комитеттің жауапты қызметкері онымен ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын таныстырады.

      18. Комиссияның шешімі Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді.

      19. Кодекстің 52-бабының 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген негіз бойынша ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының кінәлі әрекеттерін немесе әрекетсіздігін растайтын фактілер болған кезде Комиссия Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын адамның атына ішкі тергеп-тексеру растайтын актісін ұсынымдар қосымшасымен бірге жібереді.

      20. Комитет төрағасы немесе оны алмастыратын адам Комиссияның ұсынымы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұйым басшысымен еңбек шартын бұзу туралы шешім қабылдайды және/немесе қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерлердің не үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінде қылмыстық-жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде қызметтік тергеп-тексеру материалдарын құқық қорғау және/немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады