"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар "Арыс-Түркістан", "Жібек жолы-Түркістан" тұрақты ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдау тарифтері 1 (бір) километрге 6 (алты) теңге белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
"КЕЛІСІЛДІ"
Түркістан облыстық
мәслихат төрағасының
міндеттерін уақытша атқарушы
_____________ А.Салимов
2024 жылғы "____" ___________