Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Жиделі ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "КCеll" АҚ филиалы – жобаларды басқару дирекциясына Арыс қаласы, Жиделі ауылдық округі, Жиделі елді мекені жерінде талшықты-оптиқалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және пайдалану үшін, жалпы көлемі 0,014 га жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Арыс қаласы "Жиделі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жиделі ауылдық округінің әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
М.Алетбаев |