"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ж.Тасов |
Кентау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "_24_" _шілде_ № _277__ қаулысына қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды бюджет, оның ішінде аудандық бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтер бюджеттері (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары).
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
2. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеуді ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде не ұйым басшысының дербес ұсынуы негізінде жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу ұйым басшысының ұсынысы негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Ұсыныста жұмыскердің тегі мен лауазымы, тәртіптік жазаның жоқтығы туралы негіздер, мәліметтер және қалалық мәслихаттың шешімімен белгіленген үстемеақы мөлшері көрсетіледі.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
4. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
5. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы" қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
6. Ынталандыру үстемеақыларын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағының кеңеюі, үстеме жұмыс және басқалар үшін үстемеақылар) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
7. Ынталандыру үстемеақыларды белгілеу құқығын беретін жұмыскерлер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
4) Ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау.
8. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жұмыскерлерге белгіленбейді:
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;
4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
5) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
6) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
8) оқу демалысы кезеңінде;
9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.
9. Ынталандыру үстемеақылары және олардың мөлшері Кентау қалалық мәслихатының шешімімен белгіленеді.
10. Ынталандыру үстемеақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
11. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.