Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 15 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Алтынтөбе ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Кселл" акционерлік қоғамына Алтынтөбе ауыл округі, Қосағаш ауылы, А.Сәпиев көшесі бойынан талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 0,1932 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі Д.Алибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады