Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Қызылқия ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Кселл" акционерлік қоғамына Қызылқия ауылы округі, Ынталы елді мекені, Ж.Тұрсынқұлов көшесі бойынан талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 0,0556 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Б.Махсутов |