Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 13 мамырдағы № 199 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14,17,35,37,43,68,69–баптарына және Ордабасы аудандық жер бөлу жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 7 наурыздағы № 11/2 хаттамалық қорытындысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауыл округіне қарасты жерлерден жалпы көлемі 0,8 гектар жер учаскесі, Шұбарсу ауылына жеткізуші газ құбырының I-кезең нысаны бойынша жоғары қысымды газ құбыры құрылысы үшін, "Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан уақытша өтеусіз шектеулі пайдалану құқығымен 49 жылға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Жоғары қысымды газ құбыры құрылысы үшін жер учаскелерінде жұмыстар аяқталғаннан кейін, мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі жұмыстар барысында, топырақтың тоңдану кезеңін қоспағанда, бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс екені ескерілсін.

      3. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұлға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Оралбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады