Отырар ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 45 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Отырар ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 (бір) шақырымға 9 (тоғыз) теңге болып белгіленсін.

      2. Отырар ауданы бойынша маршуттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 1 (бір) шақырымға 9 (тоғыз) теңге көлемінде белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Сұлтанханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады