Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 79 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-108-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Сарыағаш қаласы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 2 атауы жоқ көшесіне Ертіс көшесі;

      № 20 атауы жоқ көшесіне Алатау көшесі;

      № 21 атауы жоқ көшесіне Бурабай көшесі;

      № 22 атауы жоқ көшесіне Жетісу көшесі;

      № 23 атауы жоқ көшесіне Медеу көшесі.

      2. Сарыағаш қаласының әкімі (М. Доспулов) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абдуллаев
      Аудандық мәслихат төрағасы С. Таскулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады