Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 285 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1 тармақшасына және 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 31, 37 баптарына және "Казахстан Фортескью" ЖШС-ның Е-Otinish порталы арқылы жазған 11 қараша 2024 жылғы ЗТ-2024-05920606 санды өтінішіне сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Казахстан Фортескью" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Созақ ауданы "Мойынқұм" кен орны Шу ауылдық округінің аумағынан алаңы 4149 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2030 жылғы 24 қыркүйегіне дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Казахстан Фортескью" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық барлау жұмыстарын мерзімдері мен орны, жерді рекультивациялау бойынша міндеттер және өзге де шарттарды айқындау үшін "Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасасу қажеттілігі ескертілсін.

      3. "Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына А.Сатыбалдыға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Маманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады