Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекенінің жалпы көлемі 13,2087 гектар және Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекенінің жалпы көлемі 9,7507 гектар мал жайылым жер учаскелеріне ауыз су құбырын тарту және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан уақытша өтеусіз 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округі әкімі | А.Елибаев |