Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 12 қарашадағы № ЖТ-2024-05935804 өтінішіне және жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Төлеби ауданындағы Beeline ұялы байланысы мен интернет сапасын жақсарту мақсатында талшықты оптикалық байланыс жүйесін жүргізу үшін Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 0,03853 га жер учаскесіне қауымдық сервитут 5 жылға белгіленсін.
2. "Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулы мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде көшірмесін Төлеби ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;
2) осы қаулы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулының мемлекеттік органдардың біріңғай интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
4. Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Л. Серикбаев |