Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Бірлік ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "КСеII" акционерлік қоғамына Келес ауданы, Бірлік ауылдық округі, Жаңатіршілік елді мекенінде орналасқан жалпы көлемі 0,066 гектар жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз ұзақ 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "КСеII" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бірлік ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Айтхожаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бірлік ауылдық округінің әкiмi | А.Серикбаев |
Бірлік ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы "12" шілдедегі №33 шешіміне қосымша |
"КСеII" акционерлік қоғамына магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскілеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері
№ | Жер пайдаланушылар атауы | Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | Соның ішінде | |||||
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | Оның ішінде | |||||||
егістік | Оның ішінде: | Көп жылдық екпелер | Шабындық | жайылым | ||||
Суармалы егістік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Бірлік ауылдық округі | 0,066 | - | - | - | - | - | - |
Барлығы | 0,066 | - | - | - | - | - | - |
Кестенің жалғасы
елдi мекендердің жері | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жерлері | су қорының жерлерi | Босалқы жерлер |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
0,066 | - | - | - | - | - |
0,066 | - | - | - | - | - |