Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 71-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31,37-баптарына, Сауран ауданы әкімдігінің жер комиссиясы мәжілісінің 07.12.2023 жылғы №36 санды хаттамасына, Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы 01.04.2024 жылғы №938 бұйрығына сәйкес, Сауран ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сауран ауданы әкімдігінің "Жүйнек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (БСН:001240004418) Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі аумағынан "Арықтың жер аумағын бекіту үшін" жалпы алаңы 8,2484 га ұзындығы (26,252 км) жер учаскелерін тұрақты пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Сауран ауданы әкімдігінің "Жүйнек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жұмыстарын жүргізу барысында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүктелсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е.Жанғазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сауран ауданының әкімі | М. Таңғатаров |