"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін басқару тиімділігін мониторингілеу мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 297 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"ведомстволық бағынысты облыстық мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарау, келісу және бекіту;
ведомстволық бағынысты облыстық мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдау.";
19-тармақтың 14) тармақшасы алып тасталсын.
2. Облыс әкімі аппараты (Е. Ж. Нұрғалиев):
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Е. Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Е. Көшербаев |