"Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 10 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Дін істері басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы басшысының міндетін атқарушы
____________
2024 жылғы "___" ___________
Д. Джуманова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасының басшысы
__________
2024 жылғы "___" ___________
С. Большакова

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы "12" қаңтар
№ 10 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы басшылықты Шығыс Қазақстан облысы аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті пен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Басқарманың егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттілігі

      13. Міндеттері:

      1) діни ахуалды талдау және мониторинг жасау (сонымен қатар интернет желісінде) және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      2) Шығыс Қазақстан облысы аумағында мемекеттік-конфессияаралық қатынастарды ақпараттық-түсіндіру жұмысын және діни экстремизм және терроризмнің алдын алу (сонымен қатар интернет желісінде) жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      3) деструктивті діни ағымдар идеологиясынан зардап шеккен тұлғалармен жеке түсіндіру және оналту жұмысын ұйымдастыру және өткізу;

      4) конфессияаралық келісімді және мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара қарым қатынасын нығайту, дін саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының орындалуына бақылау жүргізу;

      5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

      6) Басқарма қарамағындағы ұйымдар қызметін қамтамасыз ету;

      7) Шығыс Қазақстан облысы аумағында дін мәселелерін зерттеу.

      14. Функциялары:

      1) өңірдегі діни ахуалды зерттеу және оған талдау жүргізу;

      2) қалалық және аудандық әкімдіктер және Басқарма қарамағындағы ұйымдар қызметін мемекеттік-конфессияаралық қатынастарды ақпараттық-түсіндіру жұмысын және діни экстремизм және терроризмнің алдын алу (сонымен қатар интернет желісінде) жұмыстары бойынша жалпы үйлестіру;

      3) қалалық және аудандық әкімдіктер және Басқарма қарамағындағы ұйымдар қызметін оңалту жұмыстары бойынша жалпы үйлестіру;

      4) өңірде жұмыс істейтін діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл;

      5) діни бірлестіктер, миссионерлер, білім берудің рухани (діни) ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау жүргізу;

      6) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      7) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      8) діни қызмет саласындағы құқықбұзушылықты анықтау және жолын кесу мәселелері жөнінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      9) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      10) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      11) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу бойынша ұсыныстар енгізу;

      12) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы ұсыныс енгізу;

      13) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

      14) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізу, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Заңының 489, 490 баптарымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;

      15) өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      16) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте заңды және жеке тұлғалардан, соның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпараттар мен материалдар сұрау және алу;

      2) арнайы білім мен дағдыларды қажет ететін кеңестер алу, мәселелерді зерттеу үшін кеңесшілер (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;

      3) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

      4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;

      5) "Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің бағыттары бойынша консультативтік – кеңесші органдар құру жөнінде ұсыныстар енгізу (жұмыс топтары, комиссиялар, кеңестер);

      6) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі отырыстарында қарау үшін дін қызметі саласында қызмет ететін мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және жақсарту жөнінде мәселелер мен ұсыныстарды енгізу;

      7) Басқармаға қарасты ұйымдарға филиалдар мен өкілеттіліктерін құруға келісім беру;

      8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) сенімхатсыз Басқарма атынан әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) келісім-шарт жасасады;

      4) сенімхаттар береді;

      5) банктік шоттар ашады;

      6) өз құзіреті шегінде Басқарманың барлық қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды тұлғаларын және басқа да қызметкерлерін, сондай-ақ Басқармаға бағынысты ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      8) Басқарманың бірінші басшысы тағайындайтын Басқарма қызметкерлері мен өзге де жұмысшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қабылдап, тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      9) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын белгілейді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      11) ерлер мен әйелдердің тәжірбиесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен және әкімдігімен жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктердін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекетті органның мүлкі

      19. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бағынысты ұйымдар тізімі

      "Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады