"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 179 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Мынадай:

      1) "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 33 қаулысының;

      2) "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 33 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 323 қаулысының күші жойылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев
      "Келісілді"
Шығыс Қазақстан облысының
қаржы басқармасының басшысы
_____________
2024 жылғы "____"__________
С. Большакова
      "Келісілді"
Шығыс Қазақстан облысының
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_____________
2024 жылғы "____"__________
Ф. Бельбеев

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы "__" __________
№ ____ қаулысына 1- қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1."Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3.Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4.Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5.Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6.Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7.Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 63.

      9.Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10.Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11.Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12.Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13.Міндеттері:

      1)Шығыс Қазақстан облысы халықтарының мәдениетін мемлекеттік қолдау, мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

      2)тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету.

      3)мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші функциясын кеңейту;

      4) облыстағы тілдік әралуандықты сақтау.

      14.Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1)өз функцияларын орындау үшін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен олардың жетекшілерінен, азаматтардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

      2)арнаулы білім және тәжірибені қажет ететін кеңес алу, мәселелерді зерттеу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз кеңесшілерді) тартуға;

      3)тұлғалардың Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне жол бермеу және оларды жауапкершілікке тарту жөнінде құзыретті органдарға ұсыныс енгізуге құқылы;

      Міндеттері:

      4)уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға;

      5)Басқарма қарамағындағы ұйымдардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беруге;

      6)Қазақстан Республикасы заңнамасы шегінде өз миссиясын, міндеттері мен функцияларын орындау бойынша өзге де шараларды қабылдауға;

      7)Басқарма осы Ереженің 15-тармағында көзделген функцияларды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

      15.Функциялары:

      1)мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2)уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;

      3)театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      4)шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

      5)уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

      6)облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      7)мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      8)тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

      9)облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      10)облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      11)өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      12)облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      13)тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

      14)мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

      15)облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      16)талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      17)мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      18)ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      19)тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі;

      20)облыс әкімдігіне тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      21)мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      22) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 145-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды және оларды сотқа жолдайды;

      23)монументалды өнер құрылыстарын орнату бойынша жұмыс жүргізеді;

      24)жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi;

      25)облыс әкімдігіне тарихи-мәдени мұра объектілерін уәкілетті органның келісімі бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану және оларды тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      26)уәкілетті органмен келісім бойынша тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде облыс әкімдігіне жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін оның мәртебесінен айыру және оны жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      27)облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді, мыналарды бақылауды қамтиды:

      жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және ұстау тәртібі;

      халықаралық және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде және археологиялық жұмыстарда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады;

      28)Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы қаулысының жобасын әзірлейді және бекітуге енгізеді;

      29)мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру, сапа бақылауы және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен процедурасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      30)орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      31)Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;

      32)мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;

      33)облыстық ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;

      34)мәдениет саласындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      35)мәдениет саласындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      36)азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      37)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) шарт жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) банк шоттарын ашады;

      6) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының, мекемелері мен ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      8) басқарма қызметкерлері мен басқарма басшысы тағайындайтын өзге де қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      9) өз орынбасарының және Басқарманың өзге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды, ол үшін дербес жауапты болады;

      11) ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке олардың тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасы, осы Ереже, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және әкімі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған берілген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      5. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан Өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Зайсан тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      10. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Риддер тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      13. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы "___"_____
№______қаулысына 2 - қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы

      Басқарма басшысы

      Басшының орынбасары

      Басшының орынбасары

      Мәдениет және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бөлімі

      Тілдерді дамыту, ономастика және тарихи-мәдени мұра бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады