"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17, 164-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33343 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақтың "құқық" бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) мемлекет мүддесін қорғау мақсатында өтеулі (өтеусіз) қызметтер көрсету шарттарының негізінде заң қызметтерін (заң консультанттарын, адвокаттарды) алуға;";
"Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі" тарауында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Үлкен Нарын ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";
мынадай мазмұндағы 36, 37-тармақтармен толықтырылсын:
"36. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
37. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Марқакөл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Е. Көшербаев |
"Келісілді" Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы _______________ 2024 жылғы "____" _______________ |
Ф. Белбеев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "24" қазандағы № 258 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына 2-қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Басқарма басшысы
Басшының орынбасары
Бұқаралық спорт, жоғары жетістіктер және спорт резерві бөлімі
Әкімшілік-қаржы бөлімі