Өскемен қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 1638 қаулысы

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 10-3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабының 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2024-2029 жылдарға арналған қоса беріліп отырған бағдарламасы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 04 мамыр
№ 1638 қаулысымен
бекітілген

Өскемен қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасы

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Өскемен қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Реновациялау бағдарламасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Тұрғын үй-коммуналдық 2024-2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Өскемен қаласындағы тұрғын үй қорын реновациялау – Өскемен қаласында апатты жағдайдағы тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың тіршілік ету ортасын жаңартуға және өмір сүруіне, қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

      3. Реновация қаланың "ескі" кварталдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен апаттық тұрғын үйді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен кешенді реконструкциялауды көздейді.

      4. Реновациялау бағдарламасы 2029 жылға дейінгі мерзімге қабылданады және соңғы онжылдықтарда жинақталған қала экологиясының даму теңгерімсіздігін жоюға және қалада апаттық тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

      5. Реновациялауға жататын объектілердің тізбесі, кезеңдері мен кезектілігі көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс конструкцияларының тозуы, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық тексеруді жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғалардың қорытындысы негізінде үй-жайлар иелерінің пікірлері ескеріле отырып айқындалады.

      6. Апатты тұрғын үйлерді бұзу жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін болады.

      7. Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу кезектілігі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық тексеруді жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғалардың қорытындыларына сәйкес ағымдағы конструкциялардың тозу пайызы ескеріле отырып анықталады.

2 - тарау. Реновациялау бағдарламасын іске асырудың өзектілігі

      8. Өскемен қаласының қолданыстағы тұрғын үй қоры 2024 жылғы сәуір жағдай бойынша 1788 көппәтерлі тұрғын үйді құрайды, оның ішінде:

Үйлерің саны

1928-1930 жыл

1931-1940 жыл

1941-1950 жыл

1951-1960 жыл

1961-1970 жыл

1971-1980 жыл

198-1990 жыл

1991-2000 жыл

2001-2020 жыл

2021-2023 жыл

1788

0

26

70

359

380

344

331

74

186

18


Үйлердің саны

Панель

Кірпіш

Рамалық

Шлак-бетон

Кірпіш-ағаш

Басқалары

1788

382

798

21

19

49

519

      9. Қаладағы апатты тұрғын үйлердің жағдайы:

      2024 жылғы жағдай бойынша қалада жалпы ауданы 14605,91 шаршы метр, 337 пәтері бар, 37 тұрғын үй ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық тексеруді жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғалардың қорытындыларына сәйкес апатты деп танылды.

      Бұл санаттың негізі нормативтік қызмет мерзімі төмен көппәтерлі тұрғын үйлер болып табылады. Мұндай үйлердің көп бөлігі тұрғын үйді жекешелендіру кезеңінде күрделі жөндеу жүргізбестен немесе оны орындау шығындарын өтемей жеке меншікке берілді. Бұл тұрғын үй иелерінің қажетті қаражатының болмауына байланысты, үйлерді күрделі жөндеу іс жүзінде жүргізілмеді, кейіннен бұл олардың одан әрі тозуына әкелді.

    №

Үйлердің саны

Үйлердің жалпы ауданы, шаршы метр

Пәтерлер саны

1

37

14605,91

337

3-тарау. Реновация бағдарламасының міндеті

      10. Реновациялау бағдарламасының негізгі міндеті – қалада апаттық тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеу және сонымен бір мезгілде Өскемен қаласының алдыңғы онжылдықтарда жинақталған даму теңгерімсіздіктерін түзету және түбегейлі жаңа сападағы қалалық ортаны қалыптастыру.

      Тұрғын үй қорын сапалы жаңартуды көздейтін реновация бағдарламасын іске асыру азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді және тұрғын үй аумақтарын тұрақты дамытуға, экономикалық, әлеуметтік, өзге де қоғамдық мүдделерді ескере отырып, қолайлы тіршілік ортасын, қоғамдық кеңістіктерді құруға және аумақты абаттандыруға ықпал етеді, Өскемен қаласының жаңа, заманауи келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      11. Реновациялау бағдарламасын іске асыру кезінде мынадай міндеттерді шешу жоспарлануда:

      қолайлы тұруға, демалуға және жұмыс істеуге бейімделген аралас функциясы бар қалалық ортаның жаңа жоспарлау құрылымын құру;

      энергиятиімді көппәтерлі тұрғын үйлер салу, олардың пайдалану шығындарын азайту;

      экологиялық жағдайды жақсарту;

      инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту;

      Өскемен қаласының заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру.

4-тарау. Реновациялау бағдарламасын іске асыру механизмі және тәртібі

      12. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаның әкімшісі "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бағдарлама әкімшісі) болып табылады.

      13. Бағдарламаны қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады: облигациялық қарыздар, жеке инвестицияларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      механизмдері арқылы, екінші деңгейдегі банктердің қарыздары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту, реновациялау жобаларын іске асыру барысында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен кірістер.

      14. Бағдарламаны қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін Бағдарлама әкімшісі реновацияға жататын әрбір тұрғын үй бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) көппәтерлі тұрғын үйдің (пәтерлердің) және жер учаскесінің жалпы ауданы, меншік иелерінің саны, ауыртпалықтардың болуы (болмауы) туралы;

      2) тұрғын үйдің қолданыстағы инфрақұрылымы және инфрақұрылым қуаттарын, сумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, кәрізді және тағы басқа жақын арада қосу нүктелерін ұлғайту мүмкіндігі;

      3) меншік иелерінің тұрғын үйді реновациялау бойынша ұсынылатын іс-шараларға қатынасын көрсететін меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы.

      Жиналыста теріс шешім қабылданған жағдайда көппәтерлі тұрғын үйді реновациялау жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты жұмыстар жүргізілмейді.

      15. Алынған ақпараттың негізінде Бағдарлама әкімшісі реновациялауға жататын әрбір тұрғын үйге қатысты ақпараттық құжат дайындайды.

      16. Тұрғын үйлердің құрылысына жергілікті бюджеттен қаражат бөлу жағдайда, бағдарлама әкімшісі "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталады.

      Реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін ұйымды таңдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Потенциалды инвесторларды тарту үшін реновациялау Бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да қолжетімді ақпарат құралдарында тұрақты негізде орналастырылады.

      18. Инвесторлармен өзара іс-қимылда жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілі инвесторлармен өзара іс-қимылда "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болады.

      19. Қызығушылығы болған жағдайда потенциялды инвестор инвестициялық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қаланың жергілікті атқарушы органына өтінім береді.

      20. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес реновациялау бағдарламасын іске асыру мемлекеттің тұрғын үй сатып алуы арқылы мүмкін болады.

5-тарау. Реновациялау бағдарламасын іске асыру кезінде жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй және мүліктік құқықтарының кепілдіктері

      21. Меншік иелеріне тұрғын үй беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар негізінде жүзеге асырылатын болады.

      22. Тұрғын үй-жайлардың иелеріне ауданы бойынша бірдей, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде жаңа пәтерлер берілетін болады. Тұрғын емес үй-жайлардың иелеріне оның құны өтеледі.

      Тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі келіскен жағдайда, өткізілетін мүлікті өтеу салынып жатқан объектілерде ауданы бойынша бірдей тұрғын емес үй-жайларды беру жолымен қаралатын болады.

      23. Тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 шаршы метрін сату құны салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейімен және іске асыру кезіндегі жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюнктурасымен айқындалатын болады, бірақ құрылыс құнынан төмен емес.

      24. Егер тұрғын мемлекеттен пәтер жалдаушы болып табылса, жалдау шарты негізінде жаңа тұрғын үй беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады