Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алексей Александрович Бажинге, ЖСН 780512300222, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоймай, Риддер қаласы, Бухмейер көшесі, №14 жылу камерасынан кадастрлық нөмірі 05-083-008-410 теліміне дейін орналасқан, ені 1 метр, ұзындығы 97 метр жылу трассасын төсеу мақсатында 3 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. Қауымдық сервитутты сатып алушы жылу трассаларының өнеркәсіптік-нөсер кәрізімен қиылысу орындарына, диаметрі 400 мм магистральдық су құбырының күзет аймағына, жылу желісінің шетінен екі жаққа қарай 5 метр күзет аймағына қойылатын талаптарды сақтасын және жылу желілерін тексеру немесе жөндеу жұмыстары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етсін.
3. "Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Д. Рахметкалиев |