"KKY Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Прапорщиково ауылы маңында Ертіс өзенінің түбін тереңдету, жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 шешімі

      "AKKY Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайрат Сандыбаевич Дюсуповтың өтінішін, "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково, Уварово ауылдарында, Глубокое кентінде Ертіс өзенінің түбін тереңдету, жағалауын нығайту жұмыстарына № 01-01-2024 ППР" жұмыстар өндіру жобасын, 2024 жылғы 21 қазандағы іс-шараларды орындау бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды қарастырып, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа алып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "AKKY Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ертіс өзенінің түбін тереңдету, жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу үшін ШҚО, Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округі, Прапорщиково ауылында орналасқан, алаңы 1,3 га мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Жумагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады