"Samar Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 233 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 71-1 баптарына сәйкес, "Samar Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 16 мамырындағы № ЗТ-2024-04055405 өтініші негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Samar Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2030 жылғы 26 қаңтарға дейінгі мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, жалпы ауданы 603 гектар, 05-334-044 жер қорының есептік кварталынан қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Samar Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және жер пайдаланушылармен жеке сервитут белгілеу туралы шарттарда айқындалған өзге де талаптарды заңнамаға сәйкес белгіленсін.

      3. "Самар ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберсін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Самар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м. а. Ж. Майкенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады