Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 995 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшадағы 4-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына қосымша |
4. Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес есептеу аспаптары болмаған жағдайда Астана қаласына арналған сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары төмендегі есеп бойынша бекітіледі:
сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары тұрғын үй орын-жайларында газ плиталары бар және орталық ыстық сумен жабдықталған жағдайда жылу шығыны жылдық нормаларының негізінде есептеледі Q;
бір адамға орташа айлық сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларының есебі – Н, айына адам/кг төмендегі формула бойынша жүргізіледі:
Н=Q/Qнв*12
мұнда:
Q – бір адамға жылу шығынының жылдық нормасы МДж/жыл*адам=3850 МДж/жыл*адам
Qнв – сұйытылған мұнай газын жағудың төменгі массалық жылуы, МДж/кг
12 - жылдағы айлар саны.
Жағудың төменгі массалық жылуының есебі – Qнв
Нормативтер бойынша келіп түсетін газ суық қысқы кезеңде (1 қазаннан бастап 1 мамырға дейін) 80% пропаннан және 20% бутаннан, жылы жазғы кезеңде (1 мамырдан бастап 1 қазанға дейін) газ 40% пропан мен 60% бутаннан құралуы тиіс.
Осыған байланысты Қағидаларға (3.2-кесте) сәйкес суық және жылы кезеңге арналған төменгі массалық жылудың ұлғаюы қабылданады – қысқы кезеңде 46,3 МДж/кг және жазғы кезеңде 46,0 МДж/кг. Есептеу үшін жағудың төменгі массалық жылуының орташа айлық ұлғаюы шығарылады.
Qнв = (46,3*7+46,0*5)/12=46,17 МДж/кг
Н – сұйытылған мұнай газдын орташа айлық тұтыну нормасының есебі
Н=3850 МДж/ жылына*адам / (46,17 МДж/кг*12)
Н=6,95 кг/айына/ адам.
2. Қағидаларға сәйкес есептеу аспаптары болмаған жағдайда Астана қаласына арналған тауар газын тұтыну нормалары төмендегі есеп бойынша бекітіледі:
Р/с № | Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Орташа айлық тұтыну мөлшерлемесі |
1. | Пәтерде газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде | бір адамға м³ | 9,3 |
2. | Пәтерде газ плитасы және газ су жылытқышы болған кезде (орталық ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде) | бір адамға м³ | 23 |
3. | Пәтерде газ плитасы болған және орталық ыстық сумен жабдықтау және газды су жылытқышы болмаған кезде | бір адамға м³ | 13,7 |
4. | Тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (пәтерлі) жылыту | бір м2 -ге м³ | 9,5 |
___________________________